«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

«Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығы»      

қоғамдық бірлестігі

Төрайымы Ольга Леонидовна Николашина

2015 жылғы 30 сәуірде, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында, Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев орталықтың төрайымы О.Николашинаға фин-угор этномәдени орталығын Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына қосу туралы «Бұйрықты» салтанатты түрде ұсынды. 

Бүгінгі таңда фин-угор этномәдени бірлестігінде 7 ұлттың 100-ден астам мүшесі кіреді: олар венгрлер, коми-пермяктар, марийлер, мордвалар, удмурдтар, финдер, эстондықтар.

Орталықтың келесі шығармашылық ұжымдар бар:

- «Самрук» хореографиялық ансамблі, жетекшісі Светлана Зубкова (44 адам);

- «Эсьне» отбасылық вокалды ансамбль (мокшан тілінен аударғанда «Отбасы»), жетекшісі Юлия Сафронова;

- «Ошмес» вокалдық триосы (удмурт тілінен аударғанда «Бұлақ»), жетекшісі Юлия Сафронова;

- «Пайрем» вокалдық триосы (марий тілінен аударғанда «Мейрам»), жетекшісі Юлия Сафронова.

Орталықта қызмет етеді:

- Аналар кеңесі – төрайымы Валентина Гавриловна Иванова;

- Жастар қанатының – көшбасшысы Михаил Дунаев;

- «Финно-угорский сувенир» үй шеберханасы-жетекшісі Елена Тутасова;

- Аптасына екі рет орталық мүшелері үшін удмурт және фин тілдерінің сабақтары өткізіледі.

Біздің орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері: біріншіден, ана тіліміз бен мәдениетіміздің жандануы мен дамуы, шығармашылық топтар үшін репертуар таңдау мен костюмдер тігу және павлодарлықтар мен қазақстандықтарды біздің этностарымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

Жұмыс барысында орталық Омск қ., Мордовия Республикасының Саранск қ., Коми Республикасының Сыктывкар қ., Финляндия Республикасының Лахти қ. фин-угор орталықтарымен және Алматы қаласындағы «Суоми» карель-фин орталығымен мәдени байланыстар орнатты.

 

Орталықтың мекен-жайы:

 Павлодар қ., М.Жүсіп, 35/1 «Достық үйі», 408 каб.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы