«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі

Төрағасы Минир Хамитович Галеев

“Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі 1990 жылы құрылды.

Құрылу мақсаты: Аймақтағы ұлтаралық келісімді сақтау, татар-башқұрт халқының салт-дәстүрін жаңғырту, жас буынға ана тілін үйрету,  Отанға, ата-анаға  деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Орталықта басқарма, ардагерлер кеңесі, жастар бірлестігі және “Қайрымдылық” тобы бар.

Татар-башқұрт  ұлттық бірлестігі құрамында  “Чишмя” ансамбілі, “Мирас”, “Ялкын” жастар мен балалар ұжымы жұмыс істейді. Диаспора өкілдері мен татар поэзиясын тыңдаушылар арасында “Сүйімбике” клубының алар орны ерекше. Мұнда әдеби кештер,  көркемсөз оқу кештері тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар орталықта араб жазбасына оқыту курсы бар.

Облыстық радио толқынында “Очарашулар-Кездесулер” атты бағдарлама татар тілінде  айына бір рет  шығып тұрады.

Орталық Татарстан және Башқұртстан Республикаларымен және Қазақстандағы татар және башқұрт Қауымдастығымен, Қазақстан және  РФ Омбы, Новосібір облыстарының осындай ұлттық-мәдени орталықтарымен мәдени байланыстар  орнатқан.

Екібастұз, Ақтоғай,  Шарбақты, Павлодар, Железин аудандарында филиалдары бар.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 310  бөлме

Электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы