«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Т.Г. Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі” облыстық қоғамдық бірлестігі

Төрағасы Михаил Сергеевич  Парипса

“Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі” облыстық қоғамдық бірлестігі 1993 жылы құрылды.

Құрылу мақсаты: Украин  халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және  мәдеиетін жаңғырту,  өңірдегі ұлттар достығы мен  өзара келісімді  нығайту, тәуелсіз Қазақстан  елінің мәдени және экономикалық даму үрдісіне украиндықтарды  тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Бірлестік құрамында негізінен  басқарма, ардагерлер кеңесі кіреді. Серіктестікте жастар секциясы, кітапхана, оқу залдары, украин шамшырағы жұмыс істейді.

Украин ұлттық орталығында халық  хоры коллективі,  “Чаривни струны” бандуристер вокалды аспаптар ансамбілі, “Чернобрывци” және “Джэрэло”  жастар вокалды  ұжымдары,  “Вэсэлка” хореографиялық ұжымы бар.

1993 жылдың қараша айынан бастап Ертіс өңірі украиндерінің мәдени және әлеуметтік-экономикалық өмірінен сыр шертетін “Украинская родына” атты бағдарлама облыстық радио эфирінде шыатын болды.

Серіктестік Қазақстан украиндары Қауымдастығының мүшесі, Дүние жүзілік украиндер үйлестіру кеңесінің (Киев қ.),  Дүниежүзілік  украиндер конгрессінің (Канада) мүшесі.

Екібастұз, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Қашыр, Шарбақты, Успен,  Павлодар аудандарында филиалдары бар.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 307  бөлме

Электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы