«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақсақалдар алқасы»

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар алқасы (бұдан әрі - Ақсақалдар алқасы) 2009 жылы құрылды.

Ақсақалдар алқасы қызметінің мақсаты - әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылауға қатысу, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу арқылы өңірдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Ақсақалдар алқасы қызметiнiң мiндеттерiне:
- Павлодар облысы аумағында тұратын этностардың салт-дәстүрлерiн, әдет-ғұрыптарын, мәдениетiн сақтау және дәрiптеу;
- жастардың рухани-адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру;
- жастарды қазақстандық патриоттылыққа тәрбиелеу;
- Ақсақалдар алқасының мүшелерi үшiн бос уақытты тиімді  пайдалану;
- аға буын өкiлдерiнiң  туындаған мәселелерiн шешу және талқылау .
Қазiргi уақытта Ақсақалдар алқасының құрамына 24 өкіл, оның iшiнде төраға кiредi. Ақсақалдар кеңесінің құрамы халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жинақтаушылары ретінде табылатын, өмірлік тәжірибесі мол, қоғамда беделі бар азаматтардан, яғни өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен тұрады.
Ақсақалдар алқасымен тұрақты негiзде аға буын өкілдерін қоғамдық шараларға тарту, сондай-ақ жастарға тәжiрибе бөлісу мақсатында дөңгелек үстелдер, мәжiлiстер, кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы