«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығы

МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Орталық басшысы Николашена Ольга Леонидовна 

2016 жылғы 29 ақпанда облыстық Достық үйі негізінде ашылған «Қоғамдық келісім» КММ-нің Медиация орталығы - бұл халыққа тәжірибелік көмек көрсету, Павлодар облысының кәсіби және қоғамдық медиаторларын әдістемелік қолдау орталығы.

2020 жылғы 1 желтоқсанға қарасты өңірде 34 медиация кабинеті қызмет етеді:1 облыстық, 4 қалалық, 23 кабинет- өңірлер мен ауылдық округтерде,6 медиация жеке кабинеті(Павлодар қ.).
«Қоғамдық келісім» КММ-нің облыстық Медиация орталығында 8 (7182) 328174 сенім телефоны, сенім жәшігі (жазбаша өтініштер үшін) және «BIRGEMIZ» онлайн-қабылдау бөлмесі құрылды. «BIRGEMIZ» онлайн-қабылдау – бұл даулы/жанжалды жағдайға тап болған адамдарға ақысыз(тегін) консультациялық көмек көрсету. Азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарастыру әр бейсенбі сайын ZOOM алаңында жүзеге асырылады (конференция идентификаторы 792-057-0512, құпиясөз 487630). Кеңесші-волонтер ретінде Қазақстанның 5 аймағынан келген медиаторлар, заңгерлер мен психологтар жұмыс жасайды.
Өңірдегі медиация институтын ілгерілету бойынша жұмысты жандандыру және үйлестіру мақсатында облыстық медиация кеңесі құрылды, оның құрамына 15 басқарма мен департамент басшылары кірді.
Жұмыс сапасын арттыру мақсатында қоғамдық медиаторлардың аймақтық үйлестіру кеңесі құрылды, оның құрамына ҚХА-мен белсенді ынтымақтастықта болған 14 кәсіби емес медиаторлар кірді. Бұл жұмыс нысаны әр елді мекенге қоғамдық медиаторды тағайындауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің тізілімінде Павлодар облысының 131 елді мекенінде жұмыс істейтін 151 қоғамдық медиатор бар.
2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Қоғамдық Келісім» КММ Медиация орталығымен облыста «Мектеп/колледж - жанжалсыз аумақ» атты жобасы бастама алды.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы