«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің міндеттері

Кеңестің негізгі міндеті - азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы ұлттық бірлік қағидаты бойынша қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа да бірлестіктерді шоғырландыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, жүзеге асыру,  Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеялары, Жаңа Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Кеңес келесі міндеттерді атқарады:

- оның нәтижелеріне сүйене отырып, аймақтағы қазіргі қоғамдық-саяси жағдайды талдау, аймақтағы әлеуметтік және басқа да қақтығыстардың алдын алу және шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- тұрақтылықты, әлеуметтік, этносаралық, конфессияаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың өзара іс-қимыл механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен сипаттамалар әзірлеу;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды қолдау және дамыту;

- ардагерлерді, кәсіподақтарды, жастар бірлестіктерін және басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға және іске асыруға тарту;

- әлеуметтік, этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың алдын алу мен болдырмауға, келіспеушіліктер мен пікірталастарды шешуге, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына ықпал ететін жағдайлардың алдын алуға бағытталған практикалық шараларды жүзеге асыруға қатысу;

- жергілікті деңгейде қайырымдылықты, медиацияны және қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға жәрдемдесу.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы