«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының штабы

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы»  Республикалық жастар қозғалысының штабы

Төрағасы Рамиль Русланович Смаилов

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қауымдастығы 2001 жылы құрылды, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық жастар қозғалысының «Жаңғыру жолы» Павлодар облыстық штабы(бұдан әрі – «Жаңғыру жолы» РЖҚ).
Мақсаты: Жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, оларды қазақстандық патриоттылыққа тәрбиелеу, көпұлтты жастардың тарихи-мәдени мұраларды зерттеуіне ықпал жасау, өзара достық қарым-қатынасты нығайту, әр ұлт өкілдерінің әріптестігі мен игі бастамаларын мақсатты түрде үйлестіру.
Қазіргі уақытта «Жаңғыру жолы» РЖҚ облыстық штабы ұлттық-мәдени орталықтарда жұмыс істейтін 18 жастар құрамасы мен екі студенттік ассамблеядан (Торайғыров университеті және Павлодар сервис және тамақтану колледжін) тұрады. «Жаңғыру жолы» РЖҚ құрылымына ЭМБ жастар бірлестіктер белсенділері кіреді.
«Жаңғыру жолы» РЖҚ белсенді жастарды қоғамдық жұмыстарға тарта отырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша бірқатар кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.
Негізгі бағыттар және негізгі іс-шаралары:
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау: 
- «Әнімді саған арнаймын Қазақстан» атты этномәдени бірлестіктердің жастары арасындағы патриоттық әндер фестивалі;
- «Жанғыру жолы – жастар жолы» жастар форумы;
- «Серпін 2050» бағдарламасы өкілдерін тарта отырып  «Қазақша сөйлесу оңай» атты бірлескен тілдік жобасы (2017 ж.);
- «Межкультурный диалог» ашық диалог алаңы;
- Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне арналған музыкалық хаттар-этноқұттықтаулар.
Халықаралық және ауданаралық серіктестік
- ҚХА аталған жастар қанаты «Бірілік.Единство. KZ» шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық Форумының бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады.
Қазақстан тарихын зерделеу бойынша
- Этностық тарих сабақтары; (ассамблея тарихы, Қазақстан тарихының ашылмаған беттері және т.б.)
Этножурналистика және әлеуметтік желілерде
- «Открытый диалог» онлайн жобасы ;
- Инстаграмдағы этномәдени бірлестіктер мүшесінің «Жаңғыру жолы» облыстық штабы парақшасындағы тікелей эфирі;
- Республикалық этномәдени бірлестіктердің газеттеріндегі жарияланымдар;
- Танымал журналистер мен блогерлердің шеберлік-сағаттары;
ЭТНО АС ҮЙ Тағамдары – Павлодар қызмет көрсету және тамақтану колледжі мен «Қазақстан РТРК» АҚ облыстық филиалымен бірлескен «Этно ас үй» теледидарлық жобасы;
Этномәдениет - шығармашылық
- вокалды, биді, актерлік шеберлікті және көпшілік алдында сөйлеуді үйрену мүмкіндігі;
- 26-дан астам шығармашылық ұжымдар;
- үздік көркемдік жетекшілер;
Сонымен қатар:
ғылыми-практикалық конференциялар өткізу және өзекті мәселелер бойынша шығармашылық жобаларды қорғау;
- тақырыптық конференцияЕмес
- облыстың ЭМБ жастар бірлестігінің фестивальдары мен байқауларын, т.б. жаңа жобаларды ұйымдастыру;
- «Тілдің үш тұғырлығы» жобасын жүзеге асыруға ат салысу.
Бізге келіп: Сіздер жаңа достар табуға, Қазақстан халқының бай мәдениетін зерделеп, қазақ тілін үйренуге, ассамблеяның танымал өкілдерімен танысуға, күн сайын жаңалықтардан хабардар болып, бос уақыттарыңызды көңілді және пайдалы өткізуге мүмкіндік аласыздар!

Мекен-жайы:
Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп қ., 35/1, 17 каб.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы