«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Павлодарда болгар мәдениеті күні аталып өтті

Республикамызда тұрып жатқан болгарлар әрбір мерекеде біздің ортақ үйіміз Қазақстанға деген сүйіспеншілігін көрсетеді және Отанымыздың тәуелсіздігін мақтан тұтады.

«Бір шаңырақ астында» фестивалі шеңберінде «Славяне» болгар ЭМБ-нің шығармашылық ұжымдары және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары болгар халықының билері мен әндерін орындады. Көрермендер болгар халқының шығармашылығын тамашалай отыра, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Мереке – бұл халықтың жаны іспеттес. Болгарлардың көптеген мерекелері дәстүрлі түрде еңбек қызметімен – егін шаруашылығымен және мал шаруашылықтарымен байланысты: 1 қаңтар – Жаңа жыл, көктемнің алғашқы күні – 1 наурыз – Баба марта, 3 наурыз – Осман әмірлігінен босаған күні, Ұлы күн – Пасха, 24 мамыр – Славян жазуы мен мәдениеті күні, 21 мамыр – раушандар күні, 1 қараша – халықтық оятушылар күні,  24 желтоқсан – Рождество Христово

Сондай-ақ, болгарлардың көптеген дәстүрлері табиғатпен байланысты. Болгарияда адамдар табиғаттан өмір нәрі жауынды сұрайтын жоралғы бар. Осы және басқа да көптеген дәстүрлерді Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қонақтарға көрсетті.

Осындай жоралғылардың бірі «Герман»  болып табылады. Бұл дәстүр көбінесе Солтүстік-батыс және Орталық Болгарияда кездеседі. Аталмыш дәстүр ежелгі пұтқа табынушылық салтында пайда болды. Дәстүрдің Болгарияның әр аймақтаныда түрліше аталса да, мағынасы бір болып келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл дәстүрге әйелдер,  бойжеткендер және балалар қатысады. Олар «таза жерде» саналатын судың жағасында  жиналады және сол жерде қуыршақ жасайды. Ол міндетті түрде ер жынысты болу керек. Қуыршақ саздан, өсімдіктерден немесе ағаш шыбығынан жасалуы керек. Қолдары кеуде тұсында айқасуы міндетті (бұл Герман қуыршағы шөлден қайтыс болғанын білдіреді). Осы тұста міндетті түрде майшам жағылу керек. Қуыршақты тақтайға немесе сандыққа жатқызу керек. Әдетте қуыршақты жолдар қиылысында жерлейді, себебі, адамдар көбінесе сол жерде көп кездеседі.

Содан кейін ашық жерде еске алу асы беріледі. Дастарханға міндетті түрде жеңіл тағамдар қойылады. Өтіп бара жатқан адамдар да осы дәстүрге қатыса алады. 9 күннен кейін қуыршақ табыттан шығарылады және сол бойынша жауынның балатынын, немесе болмайтынын болжайды. Герман биікке лақтырылады. Егер қуыршақ арқасымен құласа, жуық арада жауын болады, ал жерге қарап түссе – жауын болмайтынын білдіреді.

Дәстүр бойынша, жылсайынғы «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалінде этномәдени бірлестік өткен жылды қорытындылайды. «Славяне» болгар ЭМБ төрайымы Валентина Николаевна Шатова бірлестік жетістігі туралы, Болгариямен байланыстың кеңейуі жіне бірлескен мәдени-ғартушылық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы айтып өтті. «Елбасымыздың салиқалы және дана саясатының арқасында біздерде болгар мәдениетін дамыту мүмкіншілігі бар. Біз өз салтымызды, дәстүрімізді еске аламыз, өз тілімізде сөйлейміз. Жыл сайынға «Бір шаңырақ астында» жазғы фестиваль өткен жылды қорытындылайды, және ең соңғы ірі іс-шара болып табылады. 2017 жылы біздің этномәдени бірлестіктің 15 жылдығына арналға көптеген іс-шаралар жоспарлануда, және оларға дайындықты біз бастап та кеттік» - деп бөлісті Валентина Николаевна. Сондай-ақ, ол барша халықты мерекемен құттықтап, белсенді қатысушыларға, бірлестіктің шығармашылық ұжымының жетекшілеріне болгар мәдениетін дамытуға және достық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттарды табыс етті.

Айтпаев Мақсат

 

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

 

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы