«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары ерлік көрсеткен павлодарлықтарды марапаттады

Павлодар қаласының Достық үйінде Ұлы Жеңістің 75- жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25- жылдығына арналған «Бұл күнді адамдар ешқашан ұмытпасын» патриоттық акциясы аясында «Батырлардың ерлігіне лайық» атты салтанатты кездесуде полицейлерге, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Бүгінгі күннің қаһармандарын соғыс жылдарының батырлары: тыл еңбеккерлері, концлагерь тұтқындары мен соғыс балалары марапаттады. Кездесуге Қазақстан прокуратурасының генералы және құрметті қызметкері Дмитрий Фалеев, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабидолла Шәкәрімов, өлкетанушы және Павлодардың Құрметті азаматы Эрнест Соколкин қатысты.
- Ұлы Отан соғысы жылдарында қорқынышты сынақтардан өткендер азаюда, - деді облыстың бас медиаторы Ольга Николашина. - Міне, олардың орнына жаңа батырлар, біздің заманымыздың батырлары келді. Олардың тамырларында соғыстан өткендердің қаны ағады. Сол жаңа батырлар  арасында- Аққулы аудандық полициясының кезекші бөлімінің аға инспекторы Ғалымбек Жұмабаев. 2019 жылдың жазында, ол кезекші ауысымнан кейін Ертіс жағасында демалып жатты. Кенеттен полиция қызметкері көмекке шақырған дауыстарды естіді. Ғалымбек Жұмабаев ойланбастан, суға батып жатқан балаларға көмекке ұмтылды. Ғалымбек Жұмабаев батыл әрекеті үшін облыстық биліктен, полиция және ТЖ департаменттерінен мадақталды.
Өткен жылдың ақпан айында Тереңкөл ауданындағы түнгі өрт де қайғылы жағдай бола алар еді. Сол кезде өрт ішінде мүгедек қаза бола жаздаған еді. Оған көмекке өрт жеріне бірінші болып келген аға сержант Маруф Мансұров пен кіші сержант Әсет Әбдіқанов келді. Өрт сөндірушілерді күтпестен, тәртіп сақшылары құлыпты бұзып, жалынмен қамтылған үйге жүгірді. Бөлмелердің бірінде адамды тауып, оны көрпеге орап, далаға шығарды.
- Осындай төтенше жағдайда өзімізді қалай ұстайтынымыз белгісіз, - деді Дмитрий Фалеев. – Дұрыс шешім қабылдау әркімнің қолынан келе бермейді. Алайда, олар адамдарды құтқару үшін кез келген тәуекелге баруға дайын болды. Бұл өте игі іс.
Адамдардың өмірлерін күнде құтқаратын жедел жәрдем қызметкерлеріне де үлкен алғыстарын білдірді. Жақында павлодарлық дәрігерлер бүкіл елге танымал болды. Бір ай бұрын Жетекші ауылында қатты қар жауу кезінде жедел жәрдем қызметкерлеріне екі шақырым жер инфаркт болған  67 - жасар  пациентті қолдарымен көтеріп алып жүруге тура келді. Пациент құтқарылды, бүгінде ер адамның өміріне еш қауіп төнбейді.

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы