«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Павлодарда «Волонтерлер – өз еліне» Тұңғыш Волонтерлер форумы атап өтілді

25 ақпан күні № 24 білім ордасында «Волонтерлер – өз еліне» атты  Павлодар қаласында өткізіліп отырған Тұңғыш Волонтерлер форумы атап өтілді. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары – Светлана Анатольевна Гладышева, «Клуб добряков» ҚБ, «Павлодар қаласының Вита іздестіру тобы», «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Павлодар қаласының мекемесі» КММ-нің өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Волонтерлер орталығының үйлестірушісі іс-шараның құрметті қонақтары қатарында болды.
Ауқымды форум шеңберінде мектептің түрлі волонтерлік бағыттарын таныстыратын шағын көрме ұсынылды, сонымен қатар мәдениет, спорт, экология және табиғат сақтау, қосымша білім беру мен жаңа дағдыларды меңгеру, патриоттық тәрбиелеу және өзге де салаларды қамтитын отыз екі мектепшілік клубтардың қызметі бастау алды.
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары – Светлана Анатольевна Гладышева жастар алдында құттықтау сөзін айтып, мектептің волонтерлік саласында атқарып отырған ауқымды жұмыстарын баса айтты.
Форумның құрметті қонақтары мектептің волонтерлерін мейірімділік миссиясында сәт сапар тілеп, 30-дан астам жас мамандарға сертификаттар мен медальдарды табыс етті.
Іс-шара мәресінде № 24 ЖОМ ММ мен «Клуб добряков» ҚБ, «Павлодар қаласының Вита іздестіру тобы», «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Павлодар қаласының мекемесі» КММ арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасасты. Аталмыш ірі форум алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.

Зарина Елемесова

Фото

Фото

Фото

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы