«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Облыс Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсу филиалы

Филиал төрағасы- Ақсу қаласының әкімі Ибраев Балғабай Жұмағұлұлы

Қазақстан халқы ассамблеясының  Ақсу филиалы 2012 жылы құрылды.

Ақсу аймағында 56 ұлт пен ұлыс қоныстанған, мұнда 8 этномәдени бірлестік бар: әзербайжан, славян,  неміс, украин, чешен-ингуш,  татар, қарашай-черкес және қабарда-балкар және Мұсылман әйелдер лигасы өкілдігі.  Барлық бірлестіктерде жастар қанаты жұмыс істейді.

Селолық округтердің этномәдени бірлестіктері мәдени-сауық үйлері базасында жұмыс істесе, қалалық ҰМБ С.Дөнентаев атындағы  қалалық мәдениет сарайы жанында жұмыс істейді.

Ақсақалдар алқасы мен филиалдардың жастар кеңесі сайланған.

Этномәдени бірлестіктер жұмысы ұлттардың ана тілдерін үйрену, халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жаңғырту және жастарды отансүйгіштікке  баулуға бағытталған. Ана тілдерін оқыту жұмыстары жексенбілік мектептер мен тілдік курстарда жүргізіледі.

Этномәдени бірлестік өкілдері дөңгелек үстелдерде, мемлекет саясатының маңызды мәселелері бойынша өткізілетін диалог алаңдарына  қатысады.

Өңірде аталынып өтетін мемлекеттік мерекелер, әртүрлі мәдени-бұқаралық шаралар мен қайрымдылық акцияларына аталған мәдени орталықтар  белсене араласады.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы