«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Облыс Қазақстан халқы ассамблеясының Екібастұз филиалы

Филиал төрағасы -  Екібастұз қаласының әкімі Әшімбетов Нұржан Кемерұлы

Қазақстан халқы ассамблеясының  Екібастұз  филиалы 2008 жылы құрылды.

Екібастұз өңірінде 80 аса ұлт өкілдері қоныстанған, мұнда 10 этномәдени бірлестік бар: әзербайжан, поляк,  еврей,  кәріс,  славян, неміс, украин, чешен-ингуш,  татар-башқұрт және Мұсылман әйелдер лигасының өкілдігі.  Барлық бірлестіктер құрамында ақсақалдар алқасы және жастар қанаты жұмыс істейді. Сонымен қатар, орталықтарда жастар кеңесі бар.

Екібастұз қаласында 2003 жылы  «Достық үйі»  МСО  ашылды.

Достық үйі  қала тұрғындарын біріктіру және толерантылық, қазақстандық патриотизімді насихаттаудағы әдістемелік әрі ұйымдастыру және Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұраларын дамыту бағытындағы шаралардың іске асыру орталығы болып отыр.

Этномәдени бірлестіктер – қаланың мәдени өмірінде белсене араласып, маңызды шаралардың бел ортасында жүреді. Мемлекеттік мерекелер, әртүрлі мәдени-бұқаралық шаралар мен қайрымдылық акцияларын өткізу бастамашылары да осы ұлттық орталықтар.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы