«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Облыс Қазақстан халқы ассамблеясының Павлодар филиалы

Филиал төрағасы-  Павлодар ауданының әкімі Әутәліпов Нұрлан Қабыкенұлы

Қазақстан халқы ассамблеясының  Павлодар  филиалы 2008 жылы құрылды.

Павлодар  ауданында 15 тен аса  ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде, мұнда  7  этномәдени бірлестік бар: неміс, украин,  татар, славян,  чешен-ингуш,  кабарда-балкар,  белорус. 

Этномәдени бірлестіктер жұмысы  ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайту , жас буынды патриоттылыққа тәрбиелеу, ана тілдерін үйрену, халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жаңғыртуға және жастарды қазақстандық отансүйгіштікке баулуға бағытталған. Неміс тілін үйренушілерге арналған жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

Этномәдени бірлестік өкілдері атаулы даталар мен мемлекеттік мерекелерге,  мәдени-бұқаралық шаралар мен қайрымдылық акцияларына белсене араласып, мемлекеттік органдар жанындағы комиссия жұмыстарына қатысып, аймақта өткізілетін қоғамдық шаралардың бел ортасынан табылады.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы