«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы студенттік ассамблеясы

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы студенттік ассамблеясы – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының филаиалы 2007 жылы құрылды.

         Университетте 30 астам ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған студенттер қауымы  білім  алуда. Универитетте ҚХА филиалының құрылуы - жастар қауымының  ҚХА өзара байланыс орнатуға,  оларды  ұлтжандылыққа,  толеранттылыққа тәрбиелеуге,  ұлтаралық келісімді нығайту бойынша  жұмыстарды   жандандыруға  мүмкіндік берді.

         Студенттер  облыс Қазақстан халқы ассамблеясының жастар құрылымдары қызметіне аса қызығушылықпен араласуда. Университеттің оқытушылары, ғалымдары ҚХА жастар қанаты өткізетін дөңгелек үстелдер, пікірталас клубтары отырысына белсене араласып, ғылыми-сараптамалық топ жұмысына қатысады.

         Мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, оны жастардың бойына дарыту арқылы қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты насихаттау студенттік ассамблеяның басты ұстанымы. С.Торайғыроа атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік ассамблеясының басты мақсаты да осы. 

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы