Материалы
С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы
.Торайғыров атындағы ПМУ-інің Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы
Бүгінгі күні Қазақстан халықтарының ассамблеясы еліміздің бірегей ұстанымы болып отыр. Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіруге негіз болған Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Үлгісі бүкіл әлемге бейбітшілік пен ынтымақтастықтың жаршысы ретінде танылуда.
«Қазақстан – 2050: Мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұлтаралық келісімді сақтау мақсатында жеке адамдардың, топтардың, әлеуметтік жұртшылықтың арасындағы мәдени, діни, нәсілдік және басқа айырмашылықтардың заңдылығын мойындайтын, басқа адамдардың түр-түсіндегі, бет-әлпетіндегі, мінез-құлқындағы, жан-дүниесіндегі айырмашылықтарға төзімділікпен қарайтын, ұлттық ынтымақтастық пен қоғамдық келісімді ту ететін жаңа буын жас ұрпақ тәрбиелеуді қолға алған.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасын құру
2014 жылдың 1 наурызы күні С.Торайғыров атындағы ПМУ-інде Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы ашылды. Кафедраның ашылу салтанаты еліміздің қоғамдық-саяси сахнасында 1995 жылдың дәл осы 1 наурызында Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтының ашылуымен орайластырылды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі ретіндегі қоғамдық бірлестік болып табылады. Кафедра негізінде ғылыми-сараптамалық кеңестер, мәдениетаралық байланыстарды зерттеу, ұлтаралық келісімді нығайту сияқты шаралар өткізілетін сараптама ошағына айналары сөзсіз.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасының қызмет ету бағыты
Кафедра төмендегідей бағыттарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді:
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы «Қазақстан 2050» стратегиясындағы ынтымақтастық пен келісім негізі.
Жалпы қазақстандық мәдениетті қалыптастыру негіздері.
Қазақстан: этномәдени құндылықтар және олардың өзара байланысы
Мемлекеттің ұлттық саясатын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін кафедра өз алдына төмендегідей бірнеше мақсат қойып отыр:
- мемлекеттің ұлттық саясатымен байланыстағы пәндерді оқытудың теориялық-әдіснамалық негізін құру, сондай-ақ, мәдениетаралық және ұлтаралық қарым-қатынастарды зерттеудің әдіснамасын дамыту;
- университеттің басты міндеттерін жандандыру үшін қажетті іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағыттарын әдістемелік қамтамасыз ету;
- іргелі ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында сараптама қауымдастықтарын және ғылыми құрылымдар құру;
- ұлтаралық қатынастарды әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени үрдістер аясында кешенді зерттеу ісін жолға қою, зерттеулерді қоғамдық өмір мен мемлекеттің басқа да салаларындағы зерттеулерімен бірлікте жүзеге асыру.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірлікте қызмет етеді, атап айтқанда: С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің ғылым және инновациялар департаментімен, тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментпен, С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің «Бірлік» студенттер ассамблеясымен, «С.Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстан халықтары кітапханасымен» үздіксіз қатынас орнатқан. Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халықтарының ассамблеясымен, Павлодар облысы Қазақстан халықтары ассамблеясының Кеңсесімен әріптестік қатынаста.
«Бірлік» студенттер ассамблеясымен бірлесе атқаратын шаралар
Біздің университетіміздің студенттері қатарында 30 астам ұлт өкілдері білім алады, олардың әрқайсысы жастар ұйымын құруда, Қазақстан халықтарының облыстық ассамблеясындағы мәдениетаралық бірлестіктерінде белсенділік танытып келеді. Мемлекеттің ұлттық саясатының басты бағыттар мен басымдылықтарын жүзеге асыруда университет еліміз егемендік алған күннен бері аймағымыздағы ұлтаралық және ұлысаралық келісімді нығайту ісіне белсене ат салысып келе жатыр. 2007 жылы мамыр айында С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің негізінде Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының филиалы ұйымдастырылды, университетте облыстық ҚХА филиалының құрылуы студенттерді ұлтаралық келісімді сақтау мақсатында жеке адамдардың, топтардың, әлеуметтік жұртшылықтың арасындағы мәдени, діни, нәсілдік және басқа айырмашылықтардың заңдылығын мойындайтын, басқа адамдардың түр-түсіндегі, бет-әлпетіндегі, мінез-құлқындағы, жан-дүниесіндегі айырмашылықтарға төзімділікпен қарайтын, ұлттық ынтымақтастық пен қоғамдық келісім бағытында тәрбиелеуге қол жеткізді.
2013 жылдың 15 тамызында аталған филиал С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің «Бірлік» студенттер ассамблеясы ретінде қайта құрылды, оның басты бағыты ұлтаралық ынтымақтастық болып отыр.
Ассамблея негізінде бірнеше саяси маңызы бар шаралар өткізілді, атап айтқанда: «Живем в семье единой» акциясы, «Біз – біргеміз» бейнеролигі даярланды, «Жастар және дін» дебаты және т.б.
«Қазақстан халықтары кітапханасы» оқу залы
2011 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасы негізінде «Қазақстан халықтары кітапханасы» оқу залы құрылды. Мұнда студенттік жастардың қатысуымен қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға, рухани бірлік идеясы мен ұлтаралық келісімді насихаттауға, құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға көңіл бөлінген.
«Қазақстан халықтары ассамблеясы» кафедрасының мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 64 кабинет (450) телефон 8 (7182) 67-36-85 ішкі (12-98) факс 8 (7182) 67 37 02.
Е-mail -
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тәжік
«Ситраи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігі»
қоғамдық бірлестігі
Төрағасы Хусейн Шомахмадович Гулов
«Ситраи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы құрылды.
Құрылу мақсаты: Өңірдегі ұлттық татулық пен бейбітшілікті нығайту, жастарға ана тілдерін үйрету, тәжік халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау және оны жаңғырту.
Аталған этномәдени бірлестіктің тұсаукесері 2013 жылғы 12 желтоқсанда өтті. Қазіргі уақытта шығармашылық ұжымды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі жұмыс бағыты тәжік халқының мәдениетін, өнерін насихаттау, қолданбалы өнер көрмелеріне қатысу, жас буынға тәжік тілін үйрету болып табылады.
Орталықтың мекен-жайы:
Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1
«Достық үйі», 412 бөлме
«Буковина» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі
«Буковина» румын мәдени қоғамы»
қоғамдық бірлестігі
Төрайымы Аурика Георгиевна Дяк
«Буковина» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы құрылды.
Құрылу мақсаты: Өңірдегі келісім мен бейбітшілікті нығайту, румын халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау және оны жас буынға тарату.
Қазіргі кезде шығармашылық ұжымдарды құру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстың негізгі бағыты румын халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау, әртүрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Орталықтың мекен-жайы:
Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1
«Достық үйі», 410 бөлме
Өзбек
«Дустлик хайот» өзбек этномәдени бірлестігі»
қоғамдық бірлестігі
Төрағасы Алижан Наимович Мирахмедов
«Дустлик хайот» өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы құрылды.
Құрылу мақсаты: Өңірдегі ұлттық татулық пен бейбітшілікті нығайту, жастарға ана тілдерін үйрету, өзбек халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау және оны жаңғырту.
Этномәдени бірлестіктің тұсаукесері 2013 жылғы 12 желтоқсанда болды. Шығармашылық ұжымдарды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі жұмыс бағыты өзбек халқының мәдениетін, өнерін насихаттау, қолданбалы өнер көрмелеріне қатысу, жас буынға өзбек тілін үйрету.
Орталықтың мекен-жайы:
Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1
«Достық үйі», 412 бөлме
«Колхети» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі
«Колхети» этномәдени бірлестігі»
қоғамдық бірлестігі
Төрағасы Нонна Георгиевна Кононадзе
«Колхети» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы құрылды.
Құрылу мақсаты: Өңірдегі келісім мен бейбітшілікті нығайту, грузин халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау және жаңғырту, оны жас буынға тарату.
Қазіргі кезде шығармашылық ұжымдарды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірлестіктің негізгі жұмыс бағыты грузин халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау, әртүрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Орталықтың мекен-жайы:
Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1
«Достық үйі», 410 бөлме