«Бейбітшілік пен келісім жол картасы» Мега-проекті бойынша Железин ауданына Достық эстафетасы тапсырылды
Қазанның 8-ші жұлдызында Железин ауданына Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы филиалының мүшелері «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» Мега – проекті аясында барып келді. Бұл күні Қазақстан халық ассамблея төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Калижанұлының басшылығымен Железин ауданына Павлодар қаласынан үлкен делегация қонаққа келген болатын.
Аудан әкімі Абушахманов Қабиболла Аманұлы мен аудандық этномәдени бірлестіктері мүшелерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында көптеген сұрақтар талқыланып, тәжірибе алмасты.
Аудандық мәдениет үйінің холында аудан этномәдени бірлестіктерінің қолөнер туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды.
Ертіс ауданының шығармашылық ұжымдарымен ұйымдастырылған концерт ұлттық бірегейлікпен көзге түсті. Ұлттық әндер мен билер көрермендердің көңілінен шықты. Бағдарламаның мақсаты – облысымыздағы ұлтаралық достық пен бірліктің рухын көрсету.
Қазақстан халық ассамблея төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлының айтуынша: «Қоғамдық санада Қазақстан халық Ассамблеясының жетістіктерін бекітіп, қоғамда бейбітшілік ұранын дамыту - «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» Мега – проектінің ең басты мақсаты болып табылады. Біз ауылдар мен аудандар деңгейлерінде жұмыс атқарып, оның дамуына үлесімізді қосудамыз».
Қазақстан - полиэтникалық мемлекет, мында 130 ұлттың өкілдері тұрады. Соған қарамастан еліміз бейбітшіліктің мекені болып табылады. Қазақстан халық Ассамблеясын «Үйлесімділік институты» деп атайды. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанның ұлтаралық бірлігін жақсы біліп тануда.
Достық үйінің медиа-орталығы
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото