«Мың бала» байқауы Павлодарда
Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ және «Қазақстан мұсылман әйелдері Лигасы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен бірлесіп «Мың бала» Республикалық мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде өзге ұлт балалары арасында мемлекеттік тілді білу байқауының өңірлік кезеңі өткізілді. «Мың бала» жобасы 2015 жылғы 6 ақпаннан 1 желтоқсан аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілді.
Жоба мақсаты – байқаудың әртүрлі кезеңіне қатысқан басқа ұлттың балаларын мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын ояту, мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетін маңыздандыру арқылы жас ұрпақты әлеуметтендіру. «Мың бала» жобасы арқылы ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді және әдет-ғұрыптарды насихаттау, балалардың бойындағы толеранттылық дағдыларын қалыптастыру. Әр этностық топтың балаларын мемлекеттік тілге негіздеу.
Облыстық «Мың бала» конкурсы 8 тамыз күні бастау алды. Конкурсқа облысымыздың қала мен аудандарының 16 әртүрлі этностық топ өкілдері-оқушылар қатысты. Ал қазанның 12-30 аралығында конкурс Павлодар қаласының орыс тілді мектептердің және балабақша тәлімгерлері арасында өткізілді.
«Мың бала» қалалық конкурсқа 1085 баланың қатысуымен 35 мектеп және 58 балабақша қатысты. Ең жақсы қатысушылар қалалық конкурстың жартылай финал кезеңіне іріктеліп, жолдама алды.
«Мың бала» Республикалық мәдени-ағартушылық жоба шеңберінде өткізілген өңірлік деңгейдегі жеңімпаздар қарашаның 17-18 күндері «Достық» концерт залында өткізілген конкурс финалында анықталды.
Балабақша тәлімгерлері арасында келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
Бас жүлде – Петляева Люба – №11 балабақша – 6 жаста
І орын – Бачарникова Мария – №24 балабақша – 6 жаста
ІІ орын – Сапожникова Алиса - №116 балабақша – 6 жаста
ІІІ орын – Смирнов Денис - №79 балабақша – 6 жаста
Ал мектеп оқушылары арасында жүлделі орын алғандар:
Бас жүлде - Харчук Марина - №24 ЖОББМ – 9 сынып
І орын – Иконников Александр - №38 ЖОББМ – 9 сынып
ІІ орын – Ляхова Юлия – СТИКС – 9 сынып
ІІІ орын – Самойленко Юрий – Кенжекөл орта мектебінің – 9 сынып
Аталмыш Республикалық жобаның қорытындысы бойынша «Мың бала – татулық тірегі!» атты деректі фильм және «Қазақстан – елім менің!» конкурс қатысушыларының шығармашылық жұмыстарының жинағы шығарылады. 1000 оқушы мемлекеттік тілді үйрену идеяларын ілгерілету волонтерлері болады.
Павлодар облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиа қамтамасыз ету бөлімі
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото