«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері

10 наурызда Достық үйінде «Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері» атты семинар өтті. Семинар-тренинг спикері болып «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД Экономикалық сотының халықаралық арашашысы, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы»  заңды тұлғалар қауымдастығының бас директоры, бапкер-медиатор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жақыпов Жанділә Ажіғалиұлы атанды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің медиация орталығының басшысы Николашина Ольга  Леонидовна шараның мақсаттары туралы айтып берді. «Семинар  дауларды бейбіт жолмен шешу үшін, медиация және бітімгершілік институттарын дамытуға және әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталады», - деді ол. Сонымен қатар, іс-шараның мақсаты – арнайы саннатағы дауларды міндетті сотқа дейін реттеуді енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының пилоттық жобасын тиімді іске асыру болып табылады деп бөлісті ол.

Cеминар-тренингке мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот судьясы Иванова М., қалалық сот судьялары  Әбдікәрімов Н. және Түменбаева А., отставкадағы судья Парамонова Л. және Тыртықбаева А. атсалысты. Сондай-ақ, іс-шараға кәсіпқой медиаторлар, мемлекеттік мекемелердің  және үкіметтік емес органдардың өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Айтпаев Мақсат

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы