Сарапшылар «Жаңа гумантиарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының іске асырылуын талқылады
Жуырда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетеінде сарапшылар «Жаңа гумантиарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының іске асырылуын талқылады.
Іс-шара модераторы болып хатшылық меңгерушісі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпісбаев С.Қ. атанды. Жиынға ЖОО-ның әлеуметтік сұрақтар және стратегиялық жоспарлау бойынша прокетор, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ақышев А.А., облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сараптамалық тобының төрағасы, ҚХА кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мамытова С.Н., Тарих және мәдениет институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Батталов Қ.Қ., сондай-ақ универститеттің алдыңғы қатардағы ғалымдары, студенттер атсалысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз», – деген еді.
Іc-шара қатысушылары іске асырылып жатқан жобаның еліміздің инттелектуалды әлеуетін дамытудағы маңызын ортаға салды. Олар «Жаңа гумантиарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының арқасында еліміздің интеллектуалды әдеуеті дамиды, сонымен қатар, бұл жастарға қазынасы әлемдік қазыналарға дол ашады деп атап өтті қатысушылар.
Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан жас ұрпақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге дайын болуы керек. . Ал әлемдегі үздік оқулықтар арқылы берілген білім жастарымызға білім саласындағы жаһандық бәсекелестікке бейімделуге көмектеседі» -деп атап өтті облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сараптамалық тобының төрағасы, ҚХА кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мамытова С.Н. Оның ойынша «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы рухани жаңарудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ең алдымен, ол білім сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған. Әлемдегі үздік университеттер пайдаланатын дүниедегі ең танымал оқулықтармен жұмыс істеу, қазақстандық студенттердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының интеллектуалды әлеуетін едәуір арттыратыны сөзсіз.
Айтпаев Мақса
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото