«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Жасай бер, Қазақстаным» атты вокалдық сайыс өтті

22 сәуір күні Астананың 20- жылдығы мен Павлодар облысының 80- жылдығына орай, Павлодар облысы Қазақстан халқы  ассамблеясының этномәдени бірлестіктернің шығармашылық ұжымдарының арасында «Жасай бер, Қазақстаным» вокалдық сайысы өтті. Іс-шарасы «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

Байқаудың мақсаты - ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды фактор ретінде мемлекеттік тілді оқыту және көпшілікке тарату, этномәдени бірлестіктерінің  шығармашылық ұжымдарының шеберлігін жоғарылату.  Байқауға Сафронова Юлия – фин-угор этномәдени бірлестігінің, «Вир» неміс бірлестігінің вокалдық тобы,  «Ярило» Славян мәдени орталығының вокалдық ұжымы, «Ариран» корей бірлестігінің вокалдық ансамблі, «Чишмя» татар-башқұрт бірлестігінің вокалдық ұжымы,  тәжік этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі, «Сеспель» чуваш бірлестігінің вокалдық ұжымы, «Маргаритари» грек бірлестігінің вокалдық ансамблі және «Туған жер» финн-уғор бірлестігінің вокалдық тобы қатысты.

- Біздің еліміз гүлдене берсін, Астанамыздың 20- жылдығы құтты болсын, Павлодар облысымыздың 80- жылдығы мерейі асып, осындай жастарымызбен, ұлттарымыз аман-есен боп, тек елімізді мақтан етіп әніне қоса берсін,- деп атап өтті өз сөзінде Б.Ш.Максилова.

- Баршаңызды Павлодар облысының 80- жылдығы, Елордамыз Астанамыздың 20- жылдығы мерейтойларымен құттықтаймын. Шығармашылық ұжымдар бүгін өте тамаша өнер көрсетті, қазылар алқасы сайысты барынша әділ бағалауға тырысты. Бірінші кезекте мемлекеттік тілде ән айтылып жатқандықтан, тіл тазалығына ерекше көңіл бөлінді,- деді қазылар алқасының мүшесі А.Оралхан.

Байқаудың қорытындысы бойынша Сафронова Юлия, «Вир» неміс этномәдени бірлестігінің қатысушылары,  «Чишмя» татар- башқұрт бірлестігінің  және  «Сеспель» чуваш бірлестігінің белсенді қатысушылары жоғары марапатқа ие болды. «Көрермендер көзайымы» номинация бойынша «Маргаритари» грек этномәдени вокалдық ансамблі марапатталды.

Үшінші орынды «Туған жер» атты фин-уғор этномәдени бірлестігінің вокалдық тобы иеленді, екінші орын- «Ярило» Славян мәдени орталығының вокалдық тобына бұйырды, ал бірінші орынға «Ариран» корей этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі ие болды.

Тәжік этномәдени бірлестігінің вокалдық шығармашылық тобы гран-при иегері болып атанды.

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

 

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы