«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Эльбрус” Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балкар ұлттық мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі

Төрайымы  Мария Алботовна Байрамкулова

“Эльбрус” Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балкар ұлттық мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі 2004 жылы құрылды.

Құрылу мақсаты: Аймақтағы бейбітшілік пен бірлікті нығайту, ана тілін, халықтың  салт-дәстүрін  дәріптеп, жас буынға ұлттық құндылықтарды  насихаттау.

Аталған орталық облысымыздағы қарашай, черкес және қабарда, балкар ұлттарының бастарын қосты.

Ұлттық бірлестік құрамында басқарма, ақсақалдар алқасы, “Баксан” жастар бірлестігі жұмыс істейді.

Орталықта жұмыс істейтін творчествалық ұжымдар: “Алан”, “Джаш таулула” өнер ұжымдары, “Қъуанч”, “Теберда” вокалды ұжымдары .

Ақсу қаласында, Успен, Шарбақты аудандарында филиалдары жұмыс істейді.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 318  бөлме.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы