«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Сібір казактары Одағының “Ертіс желісі” қоғамдық бірлестігі

Төрағасы (атаман) Городничев Сергей Иванович

Сібір казактары Одағының  “Ертіс желісі” қоғамдық бірлестігі казактар бірлестігі негізінде, Славян орталығы жанында құрылды. 2001 жылдың қазан айынан бастап «Ертіс желісі» өздігінен облыстық филиал ретінде  “Союз казаков Степного края” аймақтық қоғамдық бірлестігі құрамында болып, 2011 жылы  сібір казактары Одағының  “Ертіс желісі”  қоғамдық бірлестігі болып қайта тіркелді.

Құрылу мақсаты: Казактардың мәдени мұраларын дамыту және жаңғырту,  қоғамды біріктіру және азаматтық келісімді, ұлтаралық қатынастарды  сақтау.

Орталық жұмысын атаман басқарады,  басқарма, қарттар кеңесі, жастар қанаты жұмыс істейді.

Филиал құрамында казактар  мұражайы, “Ертіс желісі” өнер ұжымдары, хор, “Воля” казак әндерінің ансамбілі бар.  Жастар қанатында  тарих клубы мен семсерлесу өнері клубтары жұмыс істейді.

Бірлестіктің  Ақсу қаласында және Павлодар ауданында филиалдары бар.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 302  бөлме

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы