«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Возрождение” Павлодар облыстық немістер одағы” қоғамдық бірлестігі

Төрағасы Вячеслав Андреевич Руф

“Возрождение”  Павлодар облыстық немістер одағы” қоғамдық бірлестігі 1990 жылы ұйымдастырылды.

Құрылу мақсаты:  Өңірдегі ұлттар достығы мен өзара келісімді сақтау,  жастарға  ана тілін оқыту, халықтың  мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау, жаңғырту, аға буынның өмірлік тәжірибелерін  келер ұрпаққа паш ету.

Қоғам құрамында кездесу орталығы,  “Ленц”  жастар клубы,   әйелдер және балалар клубы, баспасөз орталығы, кітапхана, бейне-фонотека, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлме, шығармашылық ұжымдар,  би және вокалды топтар жұмыс істейді.

Орталықтың облыстық радио толқынында неміс тілінде  тұрақты шығып тұратын бағдарламасы бар.

Аталған орталық  неміс ұлтының азаматтарын қолдау мақсатында, мәдени-экономикалық әріптестікті дамыту бағытында Қазақстан-Германия үкіметаралық келісімдерін іске асыру бойынша, білім,  мәдениет, әлеуметтік және жастар кешенді жобаларын іске асырып, GTZ  (техникалық әріптестік қоғамы), “Дойчерсоциал қоры”,  Республикалық “Возрождение” немістер қоғамдық бірлестіктері Қауымдастығымен  тығыз байланыста жұмыс істейді.

Қоғамдық бірлестік  “Возрождение” немістер қоғамдық бірлестіктері Қауымдастығы мүшесі болып табылады,  Германияның Қазақстандағы елшілігімен тығыз байланыста.

    Екібастұз, Ақсу қалалары, Успен, Шарбақты, Павлодар, Железин, Қашыр  аудандарында филиалдары бар.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 305  бөлме

Электронды мекен-жайы: bzentrum.pavlodar @gmail.ru

Сайт адресі: www.wiedergeburt-pavlodar.kz

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы