«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Полония” Павлодар облыстық поляктар қоғамы” қоғамдық бірлестігі

«Полония» Павлодар облыстық поляктар қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Төрағасы Виталий Зифридович Свинцицкий

«Полония» Павлодар облыстық поляктар қоғамы» қоғамдық бірлестігі 1995 жылы құрылды
Мақсаты: Өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, мәдени-ағартушылық қызмет, поляк тілін үйрету, ұлттық құндылықтарды, халықтың салт-дәстүрін дәріптеп, жас буынға насихаттау.
Орталық құрылымына Басқарма, Ақсақалдар алқасы, Аналар кеңесі және жастар бірлестігі жұмыс істейді.
Ұлттық орталықта «Syrena», вокалдық және би ұжымдары, «Truskawki» жастар вокалды тобы және «Нарциз» бишілер ұжымы жұмыс істейді.
Саяси қуғын-сүргін кезеңінде қаза болған поляктардың тарихи жерленген жерлері туралы мәліметтер мен архивтік деректерді жинақтайды.
Қоғамдық бірлестік өздерінің тарихи Отаны - Польша Республикасымен жақсы байланыс орнатқан.
Қазақстанның поляктар одағымен, Польшаның Қазақстандағы елшілігімен және басқа да қоғамдық бірлестіктерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Екібастұз қаласында филиалы бар.

Мекен-жайы:
Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1, 308 каб.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы