«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

1. Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ - Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының аналитикалық-кеңестік органы болып табылады.

2. Ғылыми-сараптамалық топ өз қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңы, басқа да  ҚР заңдары мен Қазақстан мРеспубликасы Президенті актлері, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы туралы мереже  және осы ережені басшылыққа алады.

  1. Ғылыми-сараптамалық топтың мміндеттері

2.1.Ғылым и сараптамалық топтың негізгі міндеттері  мынадай:

1) өңірдегі этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық саланың дамуына және аталған процесстердің дамуына болжау жасау;

2) Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін маңызды этносаяси бағыттар бойынша сүйемелдеу;

3) өңірдегі ұлтаралық және конфессияаралық саласы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

4) қазақстандық қоғамның біртұтастығын нығайту, ұлтаралық келісімді сақтау бойынша - демократияны дамытудағы азаматтық институт ретінде ассамблея ролін арттыру;

 

  1. Ғылыми сараптамалық топтың функциялары

3.1. Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми - сараптамалық топ мынадай қызметті жүезе асырады:

1) Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасын қажетті материалдармен, өңірдегі этносаяси процестердің ғылыми-сараптамалық бағасы, сонымен қатар мемлекеттік ұлттық саясаттың даму бағыттары бойынша өзекті ақпараттармен қамтып отырады;

2)  бюджеттік бағдарламалар аясында өңірдегі ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізуге тапсырыстар алады;

3) Қазақстан халқы ассамблеясы уәкілеттілігі шегінде заңдар мен басқа да  нормативтік-құқықтық актілер мәселелері бойынша сараптамалық бағалау және  талдау жасайды;

4) Өз қызметі аясында ғылыми мекемелермен,  БАҚ, ҮЕҰ, қорлармен және де басқа ұйымдармен ғылыми байланыстар орнатады;

5) қажет жағдайда нормативті-құқықтық актілер жобасын қоғамдық мониторингілеу шараларына қатысады;

6) аймақтағы ғылыми  қоғаммен ассамблея байланысын нығайтып, БАҚ және ассамблея қызметі туралы ғылыми мақалалар дайындайды;

7) ұлтаралық және конфессия аралық өзара қатынастарды зерттеу және озық тәжірбелерді енгізу мақсатында шетелдік құрылымдар мен халықаралық ұйымдармен байланыс орнатады;

 

IV.  Ғылыми-саратамалық топтың құрылымы мен құрамы

1. Ғылыми-сарапатамлық топ құрамына төраға, оның орынбасары, хатшы және ғылыми-сараптамалық топ мүшелері кіреді.

2. Топ төрағасы, оның орынбасары, хатшы және ғылыми-сараптамалық топ мүшелері міндеттерін орындау қоғамдық бастама ретінде болады.

3. Ғылыми - сараптамалық топ төрағасы - Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болады.

4. Ғылыми - сараптамалық топқа өз келісімдері бойынша этномәдени бірлестіктер жетекшілері, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері кіруі мүмкін.

5. Қызмет тиімділігін арттыру үшін Ғылыми - сараптамалық топтың ішінде секциялар құрылады және олардың негізгі  қызмет бағыты анықталады. Ғылыми - сараптамалық топ төрағасы секция жұмысының бағыты, жетекшісінің кандидатурасы, саны жөнінде ұсыныс жасайды.

6. Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылық меңгерушісі ұсынысымен Ғылыми - сараптамалық топтың хатшысы тағайындалады.

 

V. Ғылыми - сараптамалық топ қызметін ұйымдастыру

Ғылыми - сараптамалық топ шешімдері ашық дауыс беру арқылы, топ мүшелерінің басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең жағдайда, Ғылыми - сараптамалық топ төрағасының дауысы шешуі болып саналады.

 

VI. Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы

1. Ғылыми - сараптамалық топтың жұмысына жалпы басшылық жасайды және топ отырыстарына жетекшілік етеді;

2. Ғылыми - сараптамалық топтың негізгі жұмыс бағытын анықтайды және оның жұмысын ұйымдастырады;

3. Ғылыми - сараптамалық топтың қызметін жоспарлайды, отырыстарын өткізеді, конференциялар, келіссөздер және басқа да шараларды ұйымдастыруда басшылық етеді;

4. Ғылыми - сараптамалық топтың уәкілеті шегінде өткізілетін ғылыми зерттеулер бағдарламасын бекітеді;

5. Ғылыми - сараптамалық топтың редакторлық кеңесіне жетекшілік етеді;

6. Аймақтың мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен, ғылыми-сараптамалық топтың жұмысымен байланысты азаматтық қоғам институттарымен байланыс жасайды.

 

VII. Ғылыми - сараптамалық топтың хатшысы

1. Ғылыми - сараптамлық топтың ұйымдастырушылық қызметін атқарады, отырыс хаттамаларын рәсімдейді, топтың жұмыс материалдарын әзірлейді;

2. Ғылыми - сараптамлық топтың жұмыс жоспарының іске асуына бақылау жасап оырады;

3. Ғылыми ұйымдармен, БАҚ, ҮЕҰ-мен және басқа да мекемелермен ішкі байланысты іске асырады;

4. Ғылыми - сараптамалық топтың отырысы туралы алдын-ала хабарлайды, отырыс жұмысына қатысты қажет материалдарды дайындайды.

 

VIII. Ғылыми - сараптамалық топ мүшелерінің құқықтары

8.1 Ғылыми - сараптамалық топ қызметінің барлық формаларына қатысу:

1) Ғылыми - сараптамалық топ жұмысы аясында талқыланатын мәселелерде өз көзқарасын ашық білдіру, ұсыныстар енгізу;

2) Белгіленген тәртіпте, Ғылыми - сараптамалық топ жұмысына қатысты Ассамблеяның қажетті дерекқорын пайдалану;

3) Ғылыми - сараптамлық топтың қызметін жетілдіру бағытына үлесін қосу.

 

IX  Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы берген тапсырма негізінде ағымдағы және алдағы жоспар бойынша ғылыми-сараптамалық топтың қыметі жүзеге асады, жоспар ғылыми - сараптамалық топ отырысында бекітіледі.

X. Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми - сараптамалық топ, аталған топ жоспарын жүзеге асыру барысында экспорттық және талдау жұмыстары үшін басқа ұйымдар мен мамандарды, соның ішінде келісім шарт негізінде тарта алады.

XI. Ғылыми - сараптамлық топ төрағасы тапсырысымен топ мүшелері, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуға бағытталған, яғни мақсаттағы қаражат есебінен бюджеттік бағдарлама және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іссапарларға жіберілуі мүмкін.

XII. Өз қызметін жүзеге асыруда Ғылыми-сараптамалық топ, ғылыми-сараптамалық топ құрамына енбейтін мүшелерді тартулары мүмкін.

XIII. Ғылыми-сараптамалық топтың жылдық жұмысына сесп дайыналады, ол жалпы отырыста бекітіледі.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы