«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Қазақстан кәрістері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы

Төраға міндетін атқарушы  Руслан Николаевич Тян

Павлодар облысыда кәрістер қоғамдық бірлестігі  1990 жылы құрылды. 1996 жылы аталған ұйым  Қазақстан кәрістер  қауымдастығы құрамына еніп, «Қазақстан кәрістері Қауымдастығы»  Павлодар облыстық филиалы болып аталынды.

Құрылу мақсаты:  өңірде ұлттар достығы мен өзара келісімді сақтау,  жас ұрпаққа  ана тілін оқыту, кәріс халқының  мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау әрі жаңғырту, аға буынның өмірлік тәжірибелерін  келер ұрпаққа паш ету.

Орталық құрылымына басқарма, «Ноиндан» ардагерлер кеңесі және жастар қанаты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, мұнда ардагерлер хоры, вокалды және би ұжымдары, ұлттық аспаптар  ойын -ансамбілі (корей дауылпаздары) бар.

Облыстық филиал Павлодар қаласында корей методистік шіркеуін ашуға мұрындық болды, орталықтың  жағдайы төмен отбасыларыа көмектесіп,  әсіресе қайрымдылық  шараларын жүзеге асырады.

Қоғамдық бірлестік Қазақстан кәрістері қауымдастығымен, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігімен, республикалық ағарту орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан.

Екібастұз қаласында филиалы бар.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 304  бөлме

 

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы