«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Славян мәдени орталығы”қоғамдық бірлестігі

Төрайымы Татьяна Ивановна Кузина

“Славян мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі 1996 жылы құрылды.

Құрылу мақсаты: Ұлттар достығы мен өзара келісімді сақтау,  орыс тілін оқыту және қолдау, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтау, оны жаңғырту.

Орталықта басқарма, ардагерлер кеңесі, жастар бірлестігі жұмыс істейді.  Ұлттық бірлестік құрамында 29 шығармашылық ұжым: “Раздолье” би ұжымы, “Соседушки” фольклорлық ансамбілі, “Славянки”, “Рябинушки” ансамбілдері, “Берегиня” жастар вокалды тобы, әдеби-музыкалық салон,  “Бір кесе шай үстінде” атты әйелдер  кездесу клубы,  “Мен сені ұнатамын”  атты бард әндері клубы жұмыс істейді.

Славян орталығы Қазақстандағы орыс мектептерінің оқытушылары Ассоциациясы құрамына енеді, бұл Павлодар өңірі мұғалімдернің біліктілігін арттыруда, сонымен қатар Омбы, Мәскеу оқу орындарында  дәріс алуларына жол ашты. Ресейдің мәдени қорымен,  сонымен қатар Алтай өлкесі, Омбы, Новосібір аймақтарымен шекаралас әріптестікті дамытып, Мәскеу қаласының мәдениет мекемелерімен өзара  байланыстар  орнатты.

Аталған орталық – “Славян соборы” халықаралық қоғамдық ұйымның  мүшесі. (штаб-квартирасы Прагада орналасқан).

Екібастұз, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Қашыр, Шарбақты, Павлодар, Железин , Май аудандарында филиалдары бар.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 310  бөлме

Электронды мекен-жайы: slav-centr @mail.ru

Сайт адресі: www.slavcentr.kz

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы