«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Облыс Қазақстан халқы ассамблеясының Ақтоғай филиалы

Филиал төрағасы- Ақтоғай ауданының әкімі Сейтахметов Мұрат Иманбекұлы

Қазақстан халқы ассамблеясының  Ақтоғай филиалы 2008 жылы құрылды.

Ақтоғай ауданында 12 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде, мұнда 6 этномәдени бірлестік бар: украин, славян, татар-башқұрт, чешен-ингуш, болгар, белорус. 

Этномәдени бірлестіктер жұмысы ана тілдерін үйренуге, халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жаңғыртуға және жастарды отансүйгіштікке  баулуға,  ұлттар бірлігін нығайтуға бағытталған.

Этномәдени бірлестік өкілдері дөңгелек үстелдерге, мемлекет саясатының маңызды мәселелері бойынша өткізілетін диалог алаңдарына    қатысып отырады.

Өңірде аталынып өтетін мемлекеттік мерекелер, әртүрлі мәдени-бұқаралық шаралар мен қайрымдылық акцияларына ұлттық - мәдени орталықтар  белсене араласады.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы