«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Павлодар облыстық шешен-ингуш мәдениет орталығы” қоғамдық бірлестігі

Павлодар облысы Халкъан Барт Чечен-Ингуш этномәдени бірлестігіқоғамдық бірлестігі

Төрағасы Абдурашид Мумади

“Павлодар облыстық шешен-ингуш мәдениет орталығы” қоғамдық бірлестігі 1995 жылы құрылды.

Құрылу мақсаты: Шешен және ингуш халықтарының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, жастардың бойына отансүйгіштікті дарыту, Қазақстанда тұратын ұлттардың  тарихы мен салт-дәстүрлерін  құрметтеу.

Орталық құрамында басқарма, ақсақалдар алқасы, жастар қанаты жұмыс істейді.

Спорттық секциялар, би ансамбілдері бар. Өз Отандарынан шалғайда тұрса да шешен, ингуш ұлттары ана тілдерін үйреніп, ата-бабаларының салт-дәстүрлерін жастарға таратуда маңызды шараларды атқарып келеді. Қазақстандық отансүйгіштік, мемлекетік ұлттық саясатты іске асыру бағытындағы айтарлықтай шараларды іске асыруда.

Павлодар қаласында бой көтерген мешіт құрылысына аталған бірлестік  өз үлесін қосты.

Ұлттық орталық - Республикалық “Вайнах” шешен-ингуш этномәдени бірлестіктер қауымдастығы   құрамына кіреді.

Екібастұз, Ақсу қалалары және Павлодар, Ақтоғай, қашыр, Шарбақты аудандарында филиалдары жұмыс істейді.

 

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1, 314  бөлме

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы