«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

"НҰР-АНА әлемі" қоғамдық бірлестігі

Павлодар облыстық “НҰР-АНА әлемі”

қоғамдық бірлестігі

 

Төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова.

Сонымен қатар Бақытжамал Шаханқызы Максилова облыстық ҚХА жанындағы "Аналар кеңесінің" төрайымы болып табылады

 

“Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы қазіргі таңдағы "НҰР-АНА әлемі" қоғамдық бірлестігі 1991 жылы құрылды.

Құрылу мақсаты: Қазақ халқының  ұлттық құндылықтарын дәріптеу, ана тілін үйрену, қазақстандық отансүйгіштікті жастардың бойына дарыту, жас ұрпаққа тарих пен салт-дәстүрді үйрету  болып табылады.

Қазақстан  мұсылман әйелдер лигасы 1995 жылы  Павлодарда жағдайы төмен отбасылардан шыққан дарынды қыздарға арналған “Мұрагер” пансионын ашуға бастамашы болды.

Бүгін де Лига құрамында “Асыл әже”, “Имандылық”, “Меруерт” клубы, “Мөлдір” жастар клубы, “Ару-ана” әжелер хоры, “Ақ әжелер” вокалды тобы, “Жеңеше” би ұжымы және  “Назерке” жастар тобы жұмыс істейді.

Бұқар Жырау атындағы облыстық өнер және әдебиет мұражайы, Майра Шамсутдинова мұражайы, Г.Потанин атындағы  тарихи-өлкетану мұражайымен, облыстың оқу орындарымен, балалар үйлерімен, мүгедектер мен қарттар үйімен жұмыс істейді. Лиганың облыстық филиалы қайрымдылық акциялары мен ұлттық салт-дәстүрлерді сипаттайтын  көріністерді  қояды.

Облысымыздың  Екібастұз, Ақсу қалалары, Баянауыл, Ақтоғай, Май, Ертіс, Лебяжі, Шарбақты аудандарында филиалдары бар.

Орталықтың  мекен-жайы:

Павлодар қ,  1 Мамыр көшесі 35/1, 309  бөлме

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы