«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар бірлестіктері

Төрағасы Смаилов Рамиль Русланович 

Павлодар облысы  Қазақстан халқы ассамблеясының жастар  бірлестіктері  2001 жылы құрылды.

Құрылу мақсаты: Жастардың  белсенді  азаматтық  ұстанымын қалыптастыру, қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, Павлодар облысы жастарына тарихи-мәдени мұраларды насихаттау бойынша жүргізілетін жұмыстарға тарту, достық қатынастарды нығайту, сан ұлт өкілдерінің өзара әріптестігі мен ынтымақтастығын  дамыту.

Облыс Қазақстан халқы ассамблеяның жастар қанаты құрамына  ұлттық мәдени бірлестіктердің 16  жастар бірлестігі кіреді.  Бірлестік жұмысына Үйлестіру кеңесі басшылық жасайды, негізінен оның құрамына ҰМБ жастар қанатының белсенділері кіреді.

Қазақстан халқы ассамблеясының Жастар бірлестіктері Қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, ұлтаралық келісімді сақтау, облыстың мәдени өміріндегі шараларға  жастарды тарту  бойынша маңызды істерді жүзеге асыруда.

Жастармен жұмыс істеудің негізгі формалары:

  • “Патриот” дискуссия жастар клубы;
  • “Бірлік-Единство.KZ” шекаралас ынтымақтастықтың жастар халықаралық  этномәдени форумы; 
  • “Мәдениет диалогынан диалог мәдениетіне дейін” облыстық форум- фестивалі;
  • “Жас  көшбасшы” зияткерлік байқауын өткізу;
  • Маңызды сауалдар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен творчествалық жобалар қорғау;
  • “Тілдердің үш тұғырлығы”  жобасын іске асыруға қатысу;

Үйлестіру кеңесі облытағы оқу орындарымен және басқа да жастар бірлестіктерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

 

  Орталықтың  мекен-жайы:

  Павлодар қ, 1 Мамыр көшесі 35/1,  110  бөлме

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы