«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Ассамблеяның Аналар кеңесі - игі істер бастауында.

Бақытжамал Максилова
Павлодар облыстық
Павлодар облысы «НҰР АНА әлемі»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Ассамблеяның Аналар кеңесі - игі істер бастауында.
Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін, өзіміздің өңірлік ассамблеяның атқарылып жатқан қызметін саралап, болашаққа нақты тапсырма алдық десе болады.. Мінбеден сөз алған Аналар кеңесінің төрайымы Н.Шанаи елімізде атқарылып жатқан игі істерге тоқталып өтті.
Биылғы жылы ел болып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін атап өтеміз. Жалпы, осы аз ғана уақытта қандай жақсы нәтижелерге қол жеткіздік?! Ғасырлар бойы аңсаған арманымызды, рухани құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтау жолында әлі де атқарар міндеттер баршылық.
Жалпы біздің қоғамдық құрылым Павлодар облысында 2015 жылдан бастап жұмыс істеуде Облыс жұртшылығына есімі танымал тұлға, ел анасы - Зара Қожахметованың салып кеткен сара жолымен, ақ жаулықты аналардың осыдан 30 жыл бұрын қолға алған іс-шараларын әрі қарай жалғастырып келеміз. Ол туған тілімізді зерделей отырып, сәл-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттау, үлкен мен кішіні сыйлайтын, өзінің тегін білетін саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қосу деп білеміз.
Жалпы, Аналар қауымы елімізде, қоғамда болып жатқан реформаларды көріп, өздерінің үлестерін қосуға дайын. Балалар тәрбиесі, мектептердегі олардың қауіпсіздігі, интернетке деген тәуелділік бүгінгі күннің шешілмей жатқан мәселелері. Қайтсек, біздер өз ұлтын сүйетін, елін, жерін құрметтейтін білімді ұрпақты тәрбиелей аламыз? Осы орайда, жастар қауымы туған әдебиетімізді  зерделеп, қазақ тілінің кеңінен қанат жаюуына өз үлестерін қоса. Әр шаңырақтың төрінде Ана әлдиі естіліп, бесік жырымен сусындап өскен жас ұрпақ біздің болашағымыз боларына кәміл сенемін.

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы